Кездесу барысында М. Жұмабаев ауданының Мансап орталығы директорының уақытша міндетін атқарушы Е.А. Еркебұлан ұжымға таныстырылды.
Жұмыс кеңесі барысында Мансап орталығының қызметіне қатысты өзекті мәселелер қаралып, алдағы жұмыстың басым бағыттары айқындалды, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын тиімді іске асыру бойынша міндеттер белгіленді.
Н.Т. Бибулаев ұжымның үйлесімді жұмысының, қойылған міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қараудың, сондай-ақ аудан тұрғындары мен жұмыс берушілермен сапалы өзара іс-қимылды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.





