Делегация құрамында Еңбек мобильділігі орталығы бөлімінің басшысы Г.С. Ильясова және аудандардың мансап орталықтарының директорлары болды.
Жергілікті тұрғындарға Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударудың артықшылықтары туралы ақпарат берілді.
Егер сіз Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударуды жоспарласаңыз — мемлекеттің қолдауымен жаңа өмір бастауға нақты мүмкіндігіңіз бар:
✅ *Қоныс аударуға берілетін субсидия*
* Отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем.
✅ *Тұрғын үйді жалдау ақысы мен коммуналдық қызметтерді төлеуге көмек (12 айға дейін)*
🏙️ *Қалаға қоныс аударған жағдайда:*
— 20 АЕК — 1 адамға
— 25 АЕК — 2–4 адамнан тұратын отбасыға
— 30 АЕК — 5 адамнан тұратын отбасыға
🌾 *Ауылдық жерге қоныс аударған жағдайда:*
— 15 АЕК — 1 адамға
— 18 АЕК — 2–4 адамнан тұратын отбасыға
— 21 АЕК — 5 адамнан тұратын отбасыға
✅ *Экономикалық мобильділік сертификаты*
* Бір отбасыға 1625 АЕК-ке дейін;
* Тұрғын үй сатып алуға немесе ипотекалық тұрғын үй рәсімдеуге;
* Қоныс аударған өңірдегі елді мекенде беріледі.
✅ *Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу*
📞 *Қоныс аудару мәселелері бойынша мына телефон нөміріне хабарласуға болады:*
*8 (7152) 53-11-48*
🚀 *Мемлекеттік қолдаумен жаңа өмірді бастаңыз!*





