Тіліңізді таңдаңыз

Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРГЕ МАҢЫЗДЫ!

*ENBEK.KZ:*
*БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ + ЕҢБЕК ШАРТТАРЫ*
*2026 жылы қандай мерзімдерді сақтау қажет? 👇*

📢 *БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ПАЙДА БОЛДЫ МА?*

Жұмыс беруші барлық бос жұмыс орындары туралы ақпаратты *Enbek.kz* порталында орналастыруға міндетті.

⏰ *Мерзімі —* бос жұмыс орны пайда болған күннен бастап *5 жұмыс күні ішінде*.

❗️Бос жұмыс орны қызметкерді жұмысқа ресми қабылдағанға дейін жариялануы тиіс.

Бос жұмыс орнын орналастыру кезінде өзекті ақпаратты көрсету маңызды:

✅ лауазымы;
✅ еңбек жағдайлары;
✅ еңбекақы мөлшері мен төлеу шарттары;
✅ кандидатқа қойылатын талаптар және басқа да қажетті ақпарат.

📌 *Бос жұмыс орны нақты жұмыс орнына сәйкес болуы тиіс.*

👤 *ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАСТЫҢЫЗ БА?*

Жаңа еңбек шарты туралы мәліметтерді *ЕСУТД-ға* енгізу қажет.

⏰ *Мерзімі —* шартқа екі тарап қол қойған күннен бастап *5 жұмыс күнінен кешіктірмей*.

📝 *ЕҢБЕК ШАРТЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ МЕ?*

Еңбек шартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты *ЕСУТД-да* көрсету қажет.

⏰ *Мерзімі —* екі тарап өзгерістерге қол қойған күннен бастап *15 күнтізбелік күннен кешіктірмей*.

🚪 *ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ТОҚТАТЫЛДЫ МА?*

Еңбек шартының тоқтатылғаны туралы мәліметтерді *ЕСУТД-ға* енгізуді ұмытпаңыз.

⏰ *Мерзімі —* еңбек қатынастары тоқтатылған күннен бастап *3 жұмыс күнінен кешіктірмей*.

⚠️ *ЕСУТД БОЙЫНША БҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН АЙЫППҰЛ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН*

*2026 жылғы 12 наурыздан бастап* мәліметтерді енгізбеу, уақтылы енгізбеу, толық емес немесе дұрыс емес мәлімет енгізу үшін әкімшілік жауапкершілік қолданылады.

💰 *Айыппұл мөлшері:*

* лауазымды тұлғаларға — *30 АЕК*;
* шағын кәсіпкерлік субъектілеріне / КЕҰ-ға — *60 АЕК*;
* орта кәсіпкерлік субъектілеріне — *80 АЕК*;
* ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — *150 АЕК*.

📌 *ЖҰМЫС БЕРУШІГЕ АРНАЛҒАН ЧЕК-ПАРАҚ*

Бос жұмыс орны пайда болды ма?
➡️ *5 жұмыс күні* — Enbek.kz-те орналастыру

Еңбек шарты жасалды ма?
➡️ *5 жұмыс күні* — ЕСУТД-ға енгізу

Еңбек шарты өзгертілді ме?
➡️ *15 күнтізбелік күн* — өзгерістерді енгізу

Қызметкер жұмыстан босатылды ма?
➡️ *3 жұмыс күні* — еңбек шартының тоқтатылғаны туралы мәліметті енгізу

⚠️ *Мерзімдерді сақтаңыз, мәліметтерді тексеріңіз және тексеруді күтпеңіз!*