Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ басшысының орынбасары Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында Алматы облысынан Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударып, ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасына қатысуға ниет білдірген екі азамат жүгінді.
Азаматтарға бағдарламаға қатысу шарттары, сондай-ақ бағдарлама шеңберінде қатысушыларға ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары бойынша толық консультация берілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну мерзімдеріне енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірмелер берілді.





