Тіліңізді таңдаңыз

Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТУҒАН ҚАЛАМЫЗДЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ ҮШІН БІРГЕМІЗ!

☀️ Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Еңбек мобильділігі орталығының және Петропавл қаласының Мансап орталығының қызметкерлері республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты.
🍂 Қатысушылар бірлесе отырып, аумақты тазалап, түскен жапырақтар мен бұтақтарды жинады. Осылайша олар қаланы абаттандыруға және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
🤝 Жақсы көңіл күй, командалық рух және туған қаланы көркейтуге деген ортақ ұмтылыс тазалық жұмыстарын нәтижелі әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік берді!
🏙️ Мұндай бастамалар адамдарды біріктіріп, табиғатқа деген жауапкершілікті арттырады және тазалық пен тәртіп әрқайсымыздың жеке үлгімізден басталатынын еске салады.
💚 Бірге Петропавлды таза, жайлы әрі көрікті қалаға айналдырамыз! Табиғатты аялайық және игі істерге бірге атсалысайық! 🌍🙌
#ТазаҚазақстан #Петропавл #СҚО #ЕңбекМобильділігіОрталығы #МансапОрталығы #Экология #ТазаҚала #Аббаттандыру #Қазақстан