Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Еңбек мобильділігі орталығының басшысы Н.Т. Бибулаев жұмыс сапарымен Жамбыл ауданына барып, аудан әкімі А.Б. Бектасовпен кездесті. Кездесу барысында Өңірлік жұмыспен қамту картасының бірінші жартыжылдықтағы іске асырылу қорытындылары талқыланды. Сондай-ақ, Мансап орталық ұжымына уақытша директордың міндетін атқарушы Е.А. Еркебұлан таныстырылды.





