Бағдарлама аясында аудан әкімі А. Бектасовпен кездесу өтіп, еңбек ресурстары көп өңірлерден қоныс аудару бағдарламасын іске асыру барысында туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.
– Біріншіден, бағдарламаның қатысушылары үшін қолайлы жағдайлар жасалып, мемлекеттік қызметтердің толық көлемде көрсетілуі қажет, қалаған жұмысқа орналасуға,
жеке кәсіп ашуға, жаңа білім мен дағдылар алуға мүмкіндік береді.
– Сонымен қатар, 2025 жылғы жұмыспен қамту және еңбекке жәрдемдесу нәтижелері, сондай-ақ 2026 жылға арналған Өңірлік жұмыспен қамту картасын іске асыру жоспары қаралды.
🏢 Бұдан бөлек, Н. Биболаев Жамбыл орталық аудандық ауруханасына барып, қоныс аударушылар қатарынан келген дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің жұмысымен танысты.
🏠 Сондай-ақ, Қызылорда облысынан келген Ұлықбек Алпысов ашып, дамытып отырған «MC Doner» жылдам тамақтану кафесінің қызметімен танысты.
🏡 Бағдарлама соңында жергілікті тұрғынға тиесілі «Гүлден» азық-түлік дүкеніне барды.
Көп балалы ана Г. Қасенова өз жобасын қорғап, жеке кәсібін ашуға қажетті жабдық сатып алу үшін қайтарымсыз грант алуға мүмкіндік алған.





