Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

15 желтоқсан күні ағымдағы жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығының директоры Н. Биболаев бөлім басшысы Г. Олжабаевамен бірлесіп, Мансап орталығының жұмысымен танысу мақсатында Мамлют ауданында болды

15 желтоқсан күні ағымдағы жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығының директоры Н. Биболаев бөлім басшысы Г. Олжабаевамен бірлесіп, Мансап орталығының жұмысымен танысу мақсатында Мамлют ауданында болды. Іссапар аясында аудан әкімі Е. Степаненкомен кездесу өтіп, онда еңбек күші артық өңірлерден ағымдағы жылы көшіп келген азаматтарды бейімдеу және жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. 2026 жылға арналған Өңірлік жұмыспен қамту картасын іске асыру барысында барлық мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының маңыздылығына ерекше назар аударылды. Аудандық ауруханада қоныс аудару бағдарламасы аясында келген дәрігерлермен (А. Сағымбетов, Д. Тойханова, А. Джолдасова, А. Даутова), сондай-ақ массаж кабинеті мен тігін шеберханасын ашу үшін мемлекеттік грант алған азаматтармен (Е. Иост, Х. Минхаерова) кездесу өткізілді. Сонымен қатар, Мансап орталығының директоры Е. Самарханұлымен және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б. Увалиевпен 2026 жылға арналған ауылдық округтер мен Мамлют қаласында жұмыспен қамту және белсенді еңбек шаралары бойынша барлық көрсеткіштердің орындалу тетіктері айқындалды.