Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

20 мамырда Kozybayev University университетінің жаңа ғимаратының қабырғасында инженерлік және цифрлық технологиялар факультеті үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті

20 мамырда Kozybayev University университетінің жаңа ғимаратының қабырғасында инженерлік және цифрлық технологиялар факультеті үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті. Бос жұмыс орындарын қаланың 17 кәсіпорны ұсынды. Іс-шараға 200-ге жуық түлек қатысты. Студенттер жұмыс берушіге сұрақтар қойып, жұмысқа орналасу шарттарын біле алды.
Петропавл қаласының мансап орталығы "Жастар практикасы" бағдарламасын ұсынды, оған сәйкес жұмыс беруші маманды 12 айға жұмысқа орналастыра алады, ал осы кезеңдегі жалақыны мемлекет төлейді. Анықтама телефондары: 8 700 130 58 16; 53-11-48