Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

26 желтоқсан күні Еңбек мобильділігі орталығының директорының төрағалығымен директор орынбасарлары мен бөлім басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті

26 желтоқсан күні Еңбек мобильділігі орталығының директорының төрағалығымен директор орынбасарлары мен бөлім басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Күн тәртібінде бюджеттік қаражатты игеру және кадрлық жұмыста Бірыңғай цифрлық платформаны (БЦП) енгізу мәселелері қаралды. Сонымен қатар, қызметкерлермен азаматтық қызметшілердің жұмыс уақытынан тыс және мереке күндері этика нормаларын сақтауына қатысты профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Сондай-ақ, Жұмысшы мамандықтар жылының қорытындысы бойынша, Нұрлан Төлеуұлы жұмыспен қамту бөлімінің маманы Руслан Александрович Дейнекоға, ішкі мигранттар және қандастармен жұмыс бөлімінің басшысы Гүлжанат Зейноллақызы Олжабаеваға, қандастар мен қоныс аударушыларды бейімдеу және интеграциялау бөлімінің басшысы Гүлгайша Сабырқызы Ілиясоваға, әлеуметтік жұмыс бөлімінің маманы Юлия Сергеевна Письменнаяға, персоналды басқару бөлімінің маманы Гүлнар Ақпайқызы Әбішеваға, қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің маманы Гүлнұр Балтабайқызы Теңісбаеваға және жүргізуші Александр Валентинович Соколовқа алғыс хаттар табыс етті.