Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Ағымдағы жылдың 4 мамыр күні Еңбек мобильділігі орталығының директоры Н. Биболаев Тайынша ауданына барып, аудан әкімі

Ағымдағы жылдың 4 мамыр күні Еңбек мобильділігі орталығының директоры Н. Биболаев Тайынша ауданына барып, аудан әкімі Б. Әлжановпен кездесті. Дөңгелек үстел барысында халықты жұмыспен қамту, белсенді шараларға тарту және Ұлттық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Мансап орталығының ұжымымен кездесіп, бұрынғы директор Е. Қасқұлақовқа алғысын білдіріп, қызметкерлерге директордың м.а. Рүстем Сапарғалиевич Жұмағұловты таныстырды.
Жаңа басшының алдына жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, еңбек күші артық өңірлерден азаматтарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша қоныс аударту және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту бойынша міндеттер қойылды.