8 желтоқсанда Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) өкілдері Еңбек мобильдігі орталығының қызметкерлерімен, директор Н. Биболаевтың қатысуымен, дөңгелек үстел өткізді. Кездесу барысында ұйымның мақсаттары мен міндеттері талқыланып, көші-қон үдерістерін үкімет, қоғам және жұмыс берушілер арасында түсіндіру, көші-қонды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру, реттелмеген көші-қон мәселелерін шешу және жұмыспен қамтуға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстары атап өтілді.
Британдық маусымдық жұмысшылар бағдарламасы және оның талаптарына ерекше назар аударылды, себебі бұл бағыт азаматтардың еңбек мобильділігі үшін барған сайын өзекті болып отыр. Іссапар бағдарламасы аясында ХКҰ қызметкерлері шетелде жұмыс істеуге ниетті жұмыссыз азаматтарға арналған семинар өткізді.
Кызылжар және Мамлют аудандарынан, сондай-ақ Петропавл қаласынан келген қатысушыларға қауіпсіз көші-қон мәселелері, соның ішінде алаяқтардың және адал емес жұмыс берушілердің құрбаны болмау жолдары, еңбек қанауы мен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.





