2026 жылғы 22 сәуірде Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайында Мансап орталығы мен Жастар ресурстық орталығы бірлесіп, ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.
👥 60-тан астам жұмыс беруші
📄 1000-нан астам өзекті бос жұмыс орындары
💼 400-ден астам жұмыс іздеуші және 200-ден астам оқу орындарының студенттері шақырылды
Еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары А.А. Сыздықов ең сұранысқа ие бағыттарды атап өтті:
🔧 Өнеркәсіп — слесарьлар, дәнекерлеушілер, токарьлар, инженерлер
🚛 Көлік саласы — жүргізушілер, механиктер
📊 Мемлекеттік қызмет және бизнес — менеджерлер, заңгерлер, бухгалтерлер
💰 Жалақы деңгейі: 120 000 теңгеден 400 000 теңгеге дейін
Петропавл қаласының Мансап орталығының директоры Д.С. Зейнуллин ерекше назар аударылатын бағыттарды атап өтті:
🎓 Жастар тәжірибесі
👷 Әлеуметтік және қоғамдық жұмыстар
👨🦳 «Күміс жас» бағдарламасы
📚 Оқыту және бизнес ашуға арналған мемлекеттік гранттар
📍 Іс-шара аясында Мобильді мансап орталығы жұмыс істеді — кеңес беру, жұмысқа орналасуға және мансапты дамытуға көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары ұсынылды.
🌐 Жәрмеңке Enbek.kz платформасында онлайн форматта да қолжетімді
📈 2026 жылы 3000-нан астам адамды жұмыспен қамту шараларымен қамту жоспарлануда!
#Петропавл #БосЖұмысОрындары #ЖұмысСКО #Enbek #Карьера Жұмыс ЖұмыспенҚамту
#Петропавловск #ЯрмаркаВакансий #РаботаСКО #Enbek #Карьера Жұмыс Трудоустройство





