Маңғыстау облысының делегациясы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Р.С. Ельжасовпен және Солтүстік Қазақстан облысының Еңбек мобильділігі орталығының директоры Н.Т. Бибулаевпен бірлесіп, Маңғыстау облысынан қоныс аударып келген азаматтармен кездесті.
📍 Жұмыс сапары аясында делегация Аққайын ауданына барып, Смирново, Астраханка және Трудовое ауылдарын аралады.
🏡 Кездесуге қатысушылар қоныс аударушылардың тұрмыс-тіршілігімен және өмір сүру жағдайларымен танысып, жасалған жағдайларды бағалап, жаңа ортаға бейімделу мәселелерін талқылады.
🗣️ Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, мемлекеттік қолдау шаралары мен тұрмыс жағдайлары жөнінде кері байланыс алынды.
✅ Мұндай кездесулер өзекті мәселелерді дер кезінде анықтауға, қажетті қолдау көрсетуге және азаматтарды даму әлеуеті жоғары өңірлерге қоныстандыру жұмыстарын жетілдіруге мүмкіндік береді.
🌱 Осындай сапарлардың басты мақсаты – қоныс аударушыларға қолайлы өмір сүру және еңбек ету жағдайларын жасап, олардың Солтүстік Қазақстан облысына табысты бейімделуіне ықпал ету.





