Маңғыстау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, Құрылыс басқармасының басшысы және Еңбек мобильділігі орталығының басшысы құрамындағы делегация Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Р.С. Ельжасовпен және Солтүстік Қазақстан облысы Еңбек мобильділігі орталығының директоры Н.Т. Бибулаевпен бірлесіп, Айыртау ауданына жұмыс сапарымен барды.
🤝 Жұмыс сапары аясында делегация аудан әкімі М.Ж. Мендібаевпен, сондай-ақ Имантау, Лобанов және Сырымбет ауылдық округтерінің әкімдерімен кездесті. Кездесу барысында қоныс аударушыларға арналған тұрғын үй құрылысы және өңірге қоныс аудару бағдарламасы аясында келген азаматтарды қолдау шараларын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
🌱 Сонымен қатар, делегация мүшелері Маңғыстау облысынан қоныс аударып келген Нұрберген Тіркешевтің отбасымен кездесу үшін Баянтай ауылына барды. Сонымен қатар делегация Имантау ауылында болып, қоныс аударушылар Б. Сұлтанбек пен А. Серікәлідің отбасыларымен кездесті.
Кездесу барысында делегация өкілдері олардың тұрмыс жағдайымен танысып, жаңа ортаға бейімделу, жұмыспен қамтылу және жеке шаруашылық жүргізу мәселелерін толық қанды талқылады.





