Солтүстік Қазақстан облысы Еңбек мобильділігі орталығының директоры Н.Т. Биболаев жұмыс сапарымен Уәлиханов ауданының әкімі М.Т. Абдуловқа барды. Сапар аясында аудан әкімімен жұмыс кездесуі өтіп, онда халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмысқа орналастыру деңгейін арттыру, сондай-ақ еңбек ресурстарын тиімді бөлу және жұмыссыздықты азайту мақсатында азаматтарды қоныс аудару тетіктерін іске асырудың өзекті мәселелері жан-жақты қарастырылды. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту және қоныс аударған отбасылар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша нақты шаралар талқыланды.
Сонымен қатар, сапар барысында Н.Т. Биболаев жұмыспен қамтуды қолдаудың мемлекеттік шараларының іске асырылуымен, атап айтқанда өз ісін дамытуға өтеусіз грант 💰 алған азаматтардың қызметімен танысты. Директор З.К. Мусабаеваның сүйемелдеуімен нысандарды аралап шықты 🚗.
Орталық басшысы грант иегерлері іске қосқан нысандарды аралап, олардың жүзеге асырылу барысын бағалады. Бөлінген қаражатты тиімді пайдалану 📊, бизнес-бастамалардың тұрақтылығы 📈 және олардың жаңа жұмыс орындарын құруға қосқан үлесіне 🤝 ерекше назар аударылды.
Кәсіпкерлермен кездесулер барысында ашық диалог 💬 өткізіліп, жұмыс нәтижелерімен қатар кездесіп отырған мәселелер мен қиындықтар талқыланды.
Сапар қорытындысы бойынша жобалардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар беріліп, сондай-ақ бастаушы кәсіпкерлерді одан әрі сүйемелдеудің және консультациялық қолдауды күшейтудің маңыздылығы 📌 атап өтілді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік бағдарламалардың нәтижелілігін арттырып, жергілікті жерлерде бизнестің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.





