Мемлекеттік қоныс аудару бағдарламасы аясында СҚО делегациясы Еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары А.К. Рамазанованың жетекшілігімен Шымкент қаласында тұрғындармен кездесуге қатысты.
СҚО өкілдері бағдарлама мақсаттары, көшу шарттары және мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық ақпарат берді. Оның ішінде тұрғын үймен қамтамасыз ету, көшу шығындарын өтеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу қарастырылған.
Тұрғындарға қоныс аударушыларды қабылдайтын өңірлердегі бос жұмыс орындары, тегін білім алу және біліктілікті арттыру мүмкіндіктері таныстырылды. Мемлекеттік бағдарлама аясында тігінші, шаштараз, токарь және басқа да мамандықтар бойынша стипендия төлене отырып, жаңа кәсіп игеру мүмкіндігі бар.
Отбасылардың жаңа өмір жағдайларына әлеуметтік бейімделуі мен интеграциясына ерекше көңіл бөлінді. Солтүстік Қазақстан тұрақты жұмыспен қамтуды, жайлы өмір сүру жағдайларын және кәсіби даму үшін кең мүмкіндіктер ұсынады.
📞 Көшіп, мемлекет қолдауын пайдаланғың келе ме? Қоңырау шал: 8 (7152) 53-11-48





