Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

ECO GLADE

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығының директоры Н.Т. Бибулаев 2025 жылы «2022–2030 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» тұжырымдамасы аясындағы Ұлттық жоба бойынша салынған саңырауқұлақ фермасына барды. Бұл – өңірдегі шампиньон өсіруге маманданған, толық циклді алғашқы инновациялық саңырауқұлақ фермасы, ол импортты жергілікті жаңа өніммен алмастыруға мүмкіндік береді.

Фермамен танысу барысында кәсіпорын директоры Екатерина Александровна Асаенокпен «дөңгелек үстел» форматында кездесу өтті. Кездесу барысында ол өнім өндіру үдерісі, жұмыс орындарын құру жоспарлары және өндірісті кеңейту туралы айтып берді.
Ферма Петропавл қаласының арнайы экономикалық аймағында орналасқан және жылына 2000 тоннаға дейін саңырауқұлақ өндіру қуатына ие, сол арқылы Қазақстанның солтүстік өңірлері үшін бірегей кәсіпорын ретінде танылып отыр.

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инвестициялық жоба екі кезеңде жүзеге асырылады. Жобаның екінші кезеңі де жылына 2000 тоннаға дейін өнім өндіруге мүмкіндік береді, нәтижесінде жалпы өндірістік қуат жылына 4000 тоннаға жетеді. Бұл қазіргі уақытта Ресей мен Беларусьтен импортталатын өнімнің 50 %-ға дейінін алмастыруға және қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Ұлттық жоба аясында жұмыссыз азаматтар қатарынан 8 адам жұмыспен қамтылды, саңырауқұлақ жинаушы мамандығы бойынша тағы 5 бос жұмыс орны ашылған. Жалпы 45 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Екатерина Александровнаның айтуынша, кәсіпорын Бескөл ауылының кәсіптік колледжімен осы бағыттағы мамандарды даярлау және оқыту бойынша белсенді түрде ынтымақтасуда. Сондай-ақ студенттер мұнда өндірістік тәжірибеден өтеді. Орташа жалақы мөлшері — 250 мың теңге.