Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар жоба – мүгедектігі бар адамдарға арналған Ұсынылатын мамандықтар атласы жүзеге асырылуда

Бұл – түрлі салалардағы мамандықтарды қамтитын онлайн-платформа: IT мен бухгалтериядан бастап қолөнер және шығармашылық бағыттарға дейін. Әрбір мамандық еңбек жағдайының сипаттамасымен және кімге лайық екендігімен толықтырылған.

Атласта 16 мыңнан астам ұсынылған мамандық бар, оның ішінде интернет арқылы сату, SMM, жүйелік әкімшілендіру сияқты жаңа онлайн-мамандықтар да енгізілген.

Қазақстанда еңбекке қабілетті жастағы 400 мыңнан астам мүгедек бар, олардың көпшілігі жұмыс істемейді.

Мамандықтар Атласының арқасында олар өздерінің физикалық мүмкіндіктері мен қызығушылықтарына сай істі таба алады.

Жұмыс берушілерге қажетті мамандарды іріктеп, инклюзивті жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.