2025 жылы Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдау аясында 400 еселік айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде 270 мемлекеттік грант беру жоспарланған. Бұл — өз ісіңді бастауға немесе кеңейтуге көмектесетін қайтарымсыз бастапқы капитал.
Грантты кімдер ала алады?
Гранттар әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға арналған — бұл кәсіпкерлік әлеуетіңді жүзеге асырып, тұрақты табысқа шығуға мүмкіндік.
Грантты неге жұмсауға болады?
Грантты келесі мақсаттарға пайдалануға болады:
• жабдық, құрал-саймандар, инвентарь сатып алуға
• мал, құс, көшет, тұқым алуға
• өндірістік ғимараттарды жалға алуға
• ауыл шаруашылығы мен шағын өндірісті дамытуға
Маңызды:
Гранттар жылжымайтын мүлік, жеке қажеттіліктер, несиелер, автокөліктер мен акцизделетін өнімдер сатып алуға берілмейді.
2025 жылға арналған жалпы жоспар — 270 грант
Бірінші лек — 135 грант
2025 жылы ең көп грант берілетін өңірлер:
• Петропавл қ. — 37
• Есіл ауданы — 28
• Ғ. Мүсірепов ауданы — 23
• Айыртау және М. Жұмабаев аудандары — әрқайсысы 20
💥Бұл — мемлекеттік қолдаумен өз бизнесіңді бастауға тамаша мүмкіндік! Телефон: 53-11-48