Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Гранттан – өмірлік іске дейін! Еркебулан Темірбековтың шабыттандыратын оқиғасы

Қиындықты кедергі емес, ал қолдауды табысқа бастар трамплин ретінде қабылдайтындарға бұл – үлгі боларлық оқиға 💼

Еркебулан Темірбеков – Қызылжар ауданының тұрғыны, ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жан. Ол 2024 жылы Мансап орталығы арқылы мемлекеттік гранттың иегері атанды.

🔧 Грант қаражатына ол металл бұйымдарымен жұмыс істеуге арналған станок сатып алып, өз кәсібін ашты. Бүгінде Еркебулан келесі өнімдерді жасап шығарады:
✅ көше әткеншектері
✅ металл тұғырлар
✅ қоқыс жәшіктері және басқа да сұранысқа ие бұйымдар

🚛 Оның өнімдері аудан тұрғындары арасында жоғары сұранысқа ие, ал кәсібі тұрақты дамып келеді.

📍 Ауданға жұмыс сапары барысында Еңбек ұтқырлығы орталығының директоры Аман Төрегелдин (@aman_turegeldin) Еркебуланның үйіне арнайы барып, шағын бизнесті және инклюзивті кәсіпкерлікті қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

🛠️ Бұл оқиға – ЦТМ мен Мансап орталықтарының тек грант рәсімдеумен ғана шектелмей, адамдарға өз-өзіне сеніп, армандарын жүзеге асыруға көмектесетінінің нақты дәлелі.

📢 Біз көмек керек сәтте әрдайым қасымыздамыз.

📞 Өз табыс хикаяңды бастайсың ба? Хабарлас:
📲 8 700 130 58 16
☎️ 8 (7152) 53-11-48

#грант #предпринимательство #инклюзия #успешнаяистория #Кызылжар #карьерныйцентр #ЦТМ #БізБіргеміз #поддержкабизнеса #ЕркебуланТемирбеков #малыйбизнес