Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Күн шуақты Маңғыстаудан-жасыл солтүстікке!

Қоныс аударуға шабыттандыратын, қоныс аударушының тарихы.

Маңғыстау облысынан келген Делегация СҚО бойынша еңбек мобильдігі орталығының директоры А. Ж. Төрегелдинмен (@aman_turegeldin) бірлесіп Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігіне барды.

Аудан әкімі Руслан Анбаев экономикалық дамыған өңірде тұрудың артықшылықтары туралы: қазақ тілінде оқытатын мектептер, тауарлық-сүт фермалары және белсенді дамып келе жатқан өндірістер туралы айтып берді. Ауданға ауыл шаруашылығы мамандары қажет және жаңа қоныс аударушылар үшін ашық.

Қонақтарға презентация көрсетілді, содан кейін делегация 2024 жылы Батыр ауылынан (Маңғыстау облысы) жұбайы мен қызымен бірге Новоишим ауылына көшіп келген ерікті қоныс аудару бағдарламасының қатысушысы Бақтияр Канназаровтың отбасымен кездесті.

Бақтияр "ҚТЖ" АҚ филиалында КамАЗ жүргізушісі болып жұмыс істейді жалақысы жақсы, сыйлықақы және 13-ші жалақы алады. Жұбайы "Ақ Нан Север" ЖШС-де жұмыс істейді, ал қызы мектепке барады. Отбасы экономикалық ұтқырлық сертификатын алып, жеке тұрғын үй сатып алды.
🗣 ️ "Мұндағы Климат тек пайда әкелді, қысымым қалыпқа келді, тұмаудың не екенін ұмытып кеттік. Оңтүстік тұрғындарын қоныс аудару бағдарламасына белсенді қатысуға және өмір сүру жағдайларын жақсартуға шақырамын!"- деп бөлісті Бақтияр. Сонымен қатар, теміржолшы ретінде ол ТМД елдері бойынша теміржол көлігімен тегін жүруге құқылы.

📞 Қоныс аудару мәселелері бойынша хабарласыңыз: 53-11-48