1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қызмет» салалық кәсіподағының өкілдері Еңбек мобильділігі орталығына барып, қызметкерлердің балаларын мерекемен құттықтады. Облыстық филиал төрағасы Т. Әбілмәжинов балаларға денсаулық, бақыт, жарқын әсерлер мен ең асыл армандарының орындалуын тілеп, өз лебізін білдірді. Балаларға аттракциондар әлеміне сертификаттар табысталды.
Мерекенің ерекше атмосферасын ЕМО кәсіподақ төрайымы Г. Ілиясова толықтырып, балаларға тәттілер ұсынып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Кездесудің соңында барлық қатысушыларды қуаныш пен бірлікке бөлеген «Әрқашан күн сөнбесін» әні бірге орындалды.
Іс-шаралар жылы әрі шынайы атмосферада өтіп, естелікке ортақ фотосессиямен аяқталды. Бұл күн балалар мен ересектердің жадында жарқын әрі мейірімді естеліктер қалдырды. Еңбек мобильділігі орталығының басшысы Н. Биболаев балаларға көрсетілген қамқорлық пен құрмет үшін «Қызмет» салалық кәсіподағының облыстық филиалына алғысын білдірді.
Бұл күн өскелең ұрпаққа қамқорлық жасаудың, балаларды қолдаудың және әрбір баланың бақытты балалық шағы үшін жағдай жасаудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды.





