Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы Еңбек мобильділігі орталығы басшысының орынбасары А.К. Рамазанованың жетекшілігімен Түркістан облысының Сарыағаш, Қазығұрт, Келес аудандарына және Шымкент қаласына барды.
Кездесу аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жергілікті тұрғындарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, мемлекеттік қолдау шаралары және қоныс аудару шарттары туралы ақпарат берілді.
💬 Қоныс аударуды ойлап жүрген әрбір азамат тұрақты жұмыс тауып қана қоймай, өз армандарын жүзеге асырып, өзіне және отбасына лайықты болашақ құра алады.
✅ Бүгіннің өзінде дәрігерлер, теміржолшылар, мұғалімдер сияқты көптеген мамандар Солтүстік Қазақстан облысын таңдап, табысты еңбек етуде.
📞 Қоныс аудару мәселелері бойынша хабарласыңыз: 8 (7152) 53-11-48





