Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ!

Петропавл қаласының Мансап орталығында жұмыс берушілермен Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру бойынша кездесу өтті 📘
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі және облыстық мәслихат депутаты Евгений Кинцель Мансап орталығымен ынтымақтастық орнатқан жұмыс берушілерге Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер мен елдің саяси жаңғыру бағыттары туралы айтып берді.
🔹 Конституция жобасында қандай жаңалықтар бар?
✅ 17–35-баптар бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту
✅ Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі мен ашықтығын арттыру
✅ Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру
✅ Азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейту.
4-бап: «Қазақстан халқы – мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендіктің иесі»
✅ Қоғамдық бақылау тетіктерін дамыту
✅ Әлеуметтік-экономикалық дамуға жаңа тәсілдер енгізу
Мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруға және әділеттілік қағидатын нығайтуға ерекше назар аударылды ⚖️
Реформа – әр азаматтың дауысы маңызды болатын ашық әрі тиімді мемлекет құруға бағытталған.
📅 15 наурызда референдум өтеді. Баршаңызды қатысып, саналы таңдау жасауға шақырамыз!
Еліміздің болашағы – өз қолымызда 🇰🇿✨