✅"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" КММ "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ "Петропавл қаласының мансап орталығы" филиалы 05.09.2025 жылдан бастап 30.09.2025 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Гагарин көшесі 6/6А мекенжайы бойынша жалға берілетін тұрғын үйді бөлу бойынша өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
✅Жатақханалардағы бөлмелер мынадай шарттарға сәйкес келген жағдайда ЕМО (еңбек мобильділігі орталығы) әлеуметтік келісімшарт жасасқан қоныс аударушылар мен қандастарға беріледі:
1) отыз бес жасқа дейінгі жас;
2) қолданыстағы еңбек шартының және әлеуметтік келісімшарттың болуы;
3) жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтаманың болуы;
4) екінші деңгейдегі банкте шот ашу туралы анықтаманың болуы;
5) Петропавл қаласында тұрақты тіркеудің болуы.
✅Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалдамалы тұрғын үй алуға ниет білдірген азаматтардың өтініштері мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Петропавл қ., Театр көшесі, 47, 1 қабат, 2 зал.
Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: ұялы., жұмыс.