Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Мемлекеттің қолдауымен көшу-СҚО-да жаңа өмірге мүмкіндігіңіз!

Қоныс аудару бағдарламасы аясында СҚО делегациясы Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы халықпен кездесуге қатысты. СҚО өкілдері бағдарламаның мақсаттары, көшу шарттары және мемлекеттік қолдау шаралары, соның ішінде тұрғын үй беру, көшу шығындарының өтемақысы және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
 
Тұрғындарға қоныс аударушыларды қабылдайтын өңірлердегі бос жұмыс орындары, тегін білім алу және біліктілікті арттыру мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды. Тігінші, шаштараз, сатушы, автоэлектрик, автослесарь, күзетші сияқты бағыттар бойынша стипендия төлей отырып, мемлекеттік бағдарлама бойынша жаңа мамандықтар алу көзделген.
 
Әлеуметтік бейімделу және отбасыларды жаңа өмір жағдайларына біріктіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Солтүстік Қазақстан тұрақты жұмыспен қамтуды, жайлы өмір сүру жағдайларын және кәсіби өсу үшін кең мүмкіндіктерді ұсынады.
 
СҚО-ға 17 151-ден астам адам көшіп келді-бұл Түркістан, Маңғыстау және басқа облыстардан келген 5 000-нан астам отбасы.