Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударғандар маусым сайын 3,5 млн теңгеге дейін табыс табады!

🚜 Маңғыстау облысының делегациясы – Еңбек мобильділігі орталығының директоры У.К. Орынбаева мен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығының директоры А.Ж. Турегельдиннің (@aman_turegeldin) жетекшілігімен Есіл ауданының Қарағаш ауылындағы қоныс аударушылармен кездесті.

Олардың бірі – Маңғыстау облысынан көшіп келген Нұрбол Мұқашев. Қазір ол комбайншы әрі механизатор болып табысты еңбек етуде, комбайншылар арасындағы сайыстарға қатысып, өз еңбегімен өзгелерге үлгі болуда.
💪 Оның жұбайы 2022 жылы мал шаруашылығын дамытуға 1 225 200 теңге көлемінде грант алған, ал балалары мектеп пен балабақшаға барады.

👨🌾 Тағы бір отбасы – Нұрымбетовтер 2021 жылдың тамыз айында көшіп келген. Оларға қоныс аудару үшін 1 020 950 теңге көлемінде субсидия төленген, ал отағасы Мансұр Нұрымбетов 2023 жылы шаруашылығын дамытуға қайтарымсыз грант алған.
🚛 Қазір ол КАМАЗ жүргізушісі болып еңбек етіп, орақ науқанына белсенді қатысуда.
🏠 Отбасы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында салынған үйде тұрып жатыр және жаңа жерге сәтті бейімделген.

💚 Еңбекқор қоныс аударушылар үшін Солтүстік Қазақстан облысында өмір сүруге және дамуға тамаша жағдайлар жасалған!

📞 Қоныс аудару мәселелері бойынша хабарласыңыздар:
📲 8 7152 53 11 48
📲 8 777 114 92 90