Тіліңізді таңдаңыз

Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Лайықты жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Әріптесіміз **Уәлихан Ибраевтың** отбасы **«Мерейлі отбасы»** ұлттық байқауының қалалық кезеңінде жеңімпаз атанды! Уәлихан жұбайымен бірге үш бала тәрбиелеп отыр. Балалары қоғамдық өмірге белсене араласып, қалалық және облыстық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпаздары атанған. Отбасындағы берік құндылықтар, өзара сыйластық пен қолдау, сондай-ақ әрбір отбасы мүшесінің жетістіктері нәтижесінде олар байқаудың қалалық кезеңінде үздік отбасы деп танылды. Бұл жеңіс – отбасы бақытының, бірліктің, сүйіспеншілік пен өзара түсіністіктің, ортақ мақсатқа ұмтылудың жарқын көрінісі. Уәлиханды және оның өнегелі отбасын осы айтулы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! Алда өтетін облыстық кезеңде туған қаламыздың намысын абыроймен қорғап, жоғары жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз. Отбасыларыңызға бақ-береке, амандық, ынтымақ және толағай табыстар тілейміз! 🌟