Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы СҚО Еңбек күшінің ұтқырлығы орталығының басшысы А.Ж. Төрегелдиннің (@aman_turegeldin) жетекшілігімен Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапарын аяқтады.
Сапардың қорытынды кезеңі аясында «Еңбек күші ұтқырлығын арттыру» республикалық форумы дөңгелек үстел форматында өтті. А.Ж. Төрегелдин СҚО-ның әлеуметтік-экономикалық әлеуеті мен көші-қон мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынды.
Форум барысында келесі мәселелер талқыланды:
Өңіраралық ынтымақтастық мәселелері
Еңбек нарығындағы тепе-теңдік
Еңбек күші тапшы өңірлерге көші-қон үдерістерін қолдау
Сондай-ақ, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі аясында қатысушыларға Солтүстік Қазақстан облысындағы өзекті жұмыс орындары ұсынылып, қоныс аударушыларға арналған мемлекеттік қолдау тетіктері түсіндірілді.
Іс-шара қоныс аудару бағдарламасына қатысу арқылы өмір сүру сапасын жақсартуға мүдделі жергілікті тұрғындар арасында үлкен қызығушылық тудырды.
📞 Қоныс аудару мәселелері бойынша хабарласыңыз:
8 700 130 58 16
8 (7152) 53-11-48
#ҚонысАудару
#СҚОҚонысАудару
#ЕңбекҰтқырлығы
#ЦТМ #ПетропавлКарьерлікОрталық
#МангистаускаяОбласть
#Мангистау #Актау