Тіліңізді таңдаңыз

Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшылығы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Маратович Ертаев пен вице-министр Әлдар Қонысбайұлы Күзенбаев Солтүстік Қазақстан облысының Еңбек мобильділігі орталығына барды.
📊 Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Елжасов Р.С. қонақтарды халықты жұмыспен қамтудың қолданыстағы бағдарламаларын іске асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен, оның ішінде еңбек күші артық өңірлерден азаматтарды тарту шараларымен таныстырды. Еңбек мобильділігі орталығының директоры Бибулаев Н.Т. орталықтың қызметі, атқарылып жатқан жұмыстар және жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы туралы ақпарат ұсынды.
🏡 Сапар барысында Солтүстік Қазақстан облысына қандастар мен қоныс аударушыларды көшіру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Министр бұл бағыттағы жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтіп, оның өңірге сұранысқа ие кадрлар мен білікті мамандарды тартуға мүмкіндік беретінін айтты.
🏠 Сондай-ақ Асқарбек Ертаев қандастарды уақытша орналастыруға арналған жатақхананы аралап, олардың тұрмыс жағдайымен және өңірге бейімделу жұмыстарымен танысты.
🏭 Сонымен қатар, сапар аясында министр «Alageum» электротехникалық зауытына барып, өндірістік үдерістермен, кәсіпорынның қызметімен және еңбек жағдайларымен танысты.
🤝 Бұдан бөлек, кәсіпорында жұмыс істейтін қандастармен және қоныс аударушылармен жаңа ортаға бейімделуі және жұмыс орнында жасалған жағдайлар туралы әңгімелесу өтті.
✅ Сапар жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қолдау, еңбек мобильділігі және өңірге білікті мамандарды тарту мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
#СҚО #Петропавл #ЕңбекМинистрлігі #ЕңбекМобильділігіОрталығы #МансапОрталығы #Қандас #Alageum #ЖұмыспенҚамту #ЕңбекМобильділігі