Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

ОҢТҮСТІКТЕН СОЛТҮСТІККЕ! Арманыңызды жүзеге асырыңыз!

Ғ.Мүсірепов, Тайынша, Тимирязев, Мамлют, Жамбыл Шал ақын аудандарының Карьер орталықтарының және СҚО еңбек мобильдiлiгi орталығының өкілдері 2025 жылғы 12 тамызда Түркістан облысы Отырар ауданына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. 
СҚО өкілдері Отырар ауданының тұрғындарын қоныс аударудың мемлекеттік бағдарламасы туралы хабардар етті. Іс-шараға 100-ге жуық адам қатысты. СҚО делегациясы солтүстікке қажетті жұмыс күшін толықтыруға шақырды. 
Солтүстік облыстарға ерікті қоныс аударушылар келесі мемлекеттік қолдауға ие болады: 
📍барлық адамдар мен олардың отбасы мүшелеріне көшуге 70 АЕК (отбасының әрбір мүшесіне 275 240 теңге)мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсету;
📍тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығыстарды ай сайын 12 ай ішінде мынадай мөлшерде өтеу:
 
Қалаға қоныс аударғандар үшін:
бір адамға 20 АЕК мөлшерінде;
отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болғанда 25 АЕК мөлшерінде; 
отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған кезде 30 АЕК мөлшерінде.
Ауылдық жерге қоныс аударушылар үшін: бір адамға 15 АЕК мөлшерінде;
отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болған кезде 18 АЕК мөлшерінде;
отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған кезде 21 АЕК мөлшерінде;
📍экономикалық ұтқырлық сертификаты қоныс аударушыларға құнының 50% мөлшерінде, бірақ 1 160 АЕК-тен аспайтын мөлшерде (4 561 120 теңгеге дейін) сатып алу үшін беріледі;
📍Қажет болған жағдайда қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымда оқытуға жіберу;
📍жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу.
 
Қоныс аудару мәселелері бойынша 8(7152) 53 11 48 нөміріне қоңырау шалыңыз
#ҚонысАудару 
#СҚОҚонысАудару 
 #ЕңбекҰтқырлығы
#ЦТМ  #ПетропавлКарьерлікОрталық
#Туркестан