27 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері Еңбек мобильділігі орталығы басшысының орынбасары А.К. Рамазанованың жетекшілігімен еңбек күші артық өңірлерден қоныс аудару бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында Жаңақорған ауданының тұрғындарымен кездесті.
Алғашқы кездесу аудан орталығы Жаңақорған кентінде, екіншісі Келінтөбе ауылында өтті. Тұрғындар мемлекеттік қолдау бағдарламасымен қатар, бірінші кезектегі қажетті тауарлардың бағасына, оның ішінде жылқы, сиыр және қой етінің, сондай-ақ ұн мен сүт өнімдерінің бағасына қызығушылық танытты. Мансап орталықтарының директорлары, Айыртау ауданының директоры Р.С. Кожахимов, Мамлют ауданының директоры Е. Самарханұлы және Уәлиханов ауданының директоры З.К. Мусабаева ниет білдірушілермен жеке кездесулер барысында аталған аудандарға қоныс аударудың артықшылықтары мен түрлі салалардағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат берді.





