Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды.

 Жұмысшы мамандықтары әрқашан сұранысқа ие болады. Технология мен автоматтандырудың өсуіне қарамастан, механиктер, слесарлар және инженерлер сияқты бірқатар мамандықтар машиналармен алмастырылмайтын мамандандырылған білім мен дағдыларды қажет етеді.

Жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және техникалық пен кәсіптік білім беруді реформалау мақсатында Петропавл қаласының мансап орталығы бос орындар жәрмеңкелерін, ашық есік күндерін өткізуді жоспарлады.

Бүгін 22 мамыр күні Петропавл қалалық мәдениет үйінің ғимаратында бос орындар жәрмеңкесі өтуде, оған тұрақты жұмыс орындарына 1000-нан астам бос жұмыс орындары ұсынылып, 28-ден астам ұйым қатысады.

Жәрмеңкеге күш құрылымдары (офицерлік және сержанттық құрамдар, ірі зауыттар (слесарь-жөндеуші, электр газбен дәнекерлеуші, коммуналдық кәсіпорындар (реттеушілер, аппаратшылар, газбен дәнекерлеушілер) және орта бизнес өкілдері (сату жөніндегі менеджерлер, заңгерлер, бухгалтерлер) шақырылды.

Азаматтар үшін кәсіптердің кең таңдауы ұсынылған: техникалық, көліктік, өнеркәсіптік, мемлекеттік қызмет және т.б., жалақы деңгейі 120000-нан 370000 мың теңгеге дейін.

Бос орындар жәрмеңкесін өткізудің мақсаты жұмыссыз азаматтарды, жастарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту және тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру болып табылады. Бос орындар жәрмеңкесіне 700-ден астам жұмыссыз шақырылды.

Осындай форматтағы жәрмеңкелер тұрақты негізде және онлайн жәрмеңкелері Enbek. tanda платформасы арқылы өткізіледі.

Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мақсатында жұмыссыздар немесе жұмыс іздеп жүрген адамдар Петропавл қаласының және аудандардың Мансап орталықтарына жүгіне алады, сондай-ақ Enbek.kz сайт арқылы қолайлы бос жұмыс орындарын іздей алады.

Жәрмеңкеде тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасу және жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу мүмкіндіктері туралы азаматтарға консультациялық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін мобильді мансап орталығы орналасқан, мысалы:

- жастар тәжірибесі;

- әлеуметтік жұмыс орындары;

- қоғамдық жұмыстар;

- күміс жас;

- қысқа мерзімді кәсіптік курстардан өт;

- бизнесті дамытуға гранттар алу.