Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Р. С. Елжасов СҚО бойынша еңбек мобильдiлiгi орталығының директоры А.Ж. Төрегелдинге атқарылған жұмысы үшін алғыс білдіріп, облыс әкімінен алғыс хат табыс етті.
Аман Жақсыбайұлы Төрегелдин 2023 жылдың шілдесінде құрылғаннан бері Солтүстік Қазақстан облысы бойынша еңбек мобильдiлi орталығын басқарды. Оның басшылық кезеңінде ұйым тұрақты өсуді және қызмет көрсеткіштерінің айтарлықтай жақсарғанын көрсетті.
Орталық ұжымы басшыға кәсібилігі мен көшбасшылығы үшін алғысын білдіріп, оған Астана қаласындағы жаңа жұмыс орнында табыс тіледі.





