2026 жылғы 03 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы Еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары А.Қ.Рамазанованың жетекшілігімен «Талдықорған индустриялық колледжі» және «Жетісу құрылыс-техникалық колледжі» оқу орындарында болды. Сонымен қатар Бейсен Құрманбек атындағы «Журналистер үйіне» барды.
Кездесулер аясында Талдықорған қаласының тұрғындары мен студенттері арасында ерікті қоныс аудару бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесулер ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.





