Тіліңізді таңдаңыз

Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 400 АЕК-КЕ ДЕЙІНГІ ГРАНТТАРҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 400 АЕК-КЕ ДЕЙІНГІ ГРАНТТАРҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

2026 жылғы 24 маусымнан бастап жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға өтінім қабылдау басталды.

✅ Грант мөлшері – 400 АЕК-ке дейін
✅ Қайтарымсыз мемлекеттік қолдау
✅ Өз кәсібіңізді ашуға немесе жаңа жобаны іске қосуға мүмкіндік

Егер сізде болашағы зор бизнес-идея болса, оны жүзеге асыру үшін қаржыландыру алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

👥 Кімдер ала алады:
✔️ жұмыссыз азаматтар
✔️ жаңадан тіркелген жеке кәсіпкерлер
✔️ әлеуметтік осал санаттағы азаматтар:
* көпбалалы отбасылар 👨‍👩‍👧‍👦
* мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар ♿
* асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар
* атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар
* қандастар 🇰🇿
* мүгедектігі бар адамдар
* қоныс аударушылар

📌 Негізгі шарттар:
🎓 «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқудан өту
📝 Business.enbek.kz порталы арқылы өтінім беру
📊 бизнес-жоспар дайындап, оны қорғау
📑 бөлінген қаражаттың жұмсалуы бойынша есеп беру

💼 Грант қаражаты мына мақсаттарға беріледі:
🔧 құрал-жабдықтар мен жұмыс құралдарын сатып алу
🏢 ғимаратты немесе жұмыс орнын жалға алу
📦 тауарлар мен шикізат сатып алу
🚀 бизнесті іске қосу және дамыту