2026 жылғы 22 сәуірде Н.Т. Биболаевтың басшылығымен Есіл, Тимирязев, Тайынша және Есіл аудандарының өкілдері Түркістан облысының Абай, Қаратау, Әл-Фараби, Тұран және Еңбекші аудандарының тұрғындарымен кездесті.
Іс-шараға қатысушыларды біздің облысқа қоныс аудару, тұру жағдайлары мен жұмысқа орналасу мәселелері қызықтырды. Сондай-ақ, қоныс аударуға байланысты субсидиялар алу мүмкіндігі және экономикалық ұтқырлық сертификаты арқылы жеке тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі ерекше қызығушылық тудырды.





