14 мамыр күні Еңбек мобильділігі орталығының директоры Н.Т. Биболаевтың жетекшілігімен Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері Тараз қаласының Медициналық колледжі түлектерімен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға азаматтарды еңбек күші тапшы өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы аясында көзделген мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері Т. Рысқұлов атындағы ауданының тұрғындарымен ерікті қоныс аудару бағдарламасының шарттарын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.





