Тіліңізді таңдаңыз

Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұтқырлығы орталығы" КММ
Ресми интернет-ресурс

2026 жылғы 1 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Еңбек мобильділігі орталығы басшысының орынбасары

2026 жылғы 1 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Еңбек мобильділігі орталығы басшысының орынбасары А.Қ. Рамазанованың жетекшілігімен Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы ерікті түрде солтүстік өңірге қоныс аудару мәселесі бойынша Сарқан қаласының тұрғындарымен, сондай-ақ Сарттанов және Қапан ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Делегация құрамында Уәлиханов ауданының Мансап орталығының директоры З.К. Мусабаева, Мамлют ауданының Мансап орталығының директоры Е. Самарханұлы, Шал ақын ауданының Мансап орталығының директоры М.А. Кускенова болды.
Кездесу барысында қатысушыларға бағдарламаның шарттары, көшуге берілетін субсидиялар, тұрғын үйді жалға алу төлемдері және экономикалық ұтқырлық сертификаты түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, қоныс аударудың оң тәжірибелері көрсетілген бейнеролик ұсынылып, ақпараттық брошюралар таратылды.
Сондай-ақ, бағдарламаға қызығушылық танытқан азаматтарға жеке қабылдау жүргізілді. телефон 53-11-48