26 желтоқсан күні Еңбек мобильділігі орталығының директорының төрағалығымен директор орынбасарлары мен бөлім басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Күн тәртібінде бюджеттік қаражатты игеру және кадрлық жұмыста Бірыңғай цифрлық платформаны (БЦП) енгізу мәселелері қаралды. Сонымен қатар, қызметкерлермен азаматтық қызметшілердің жұмыс уақытынан тыс және мереке күндері этика нормаларын сақтауына қатысты профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Сондай-ақ, Жұмысшы мамандықтар жылының қорытындысы бойынша, Нұрлан Төлеуұлы жұмыспен қамту бөлімінің маманы Руслан Александрович Дейнекоға, ішкі мигранттар және қандастармен жұмыс бөлімінің басшысы Гүлжанат Зейноллақызы Олжабаеваға, қандастар мен қоныс аударушыларды бейімдеу және интеграциялау бөлімінің басшысы Гүлгайша Сабырқызы Ілиясоваға, әлеуметтік жұмыс бөлімінің маманы Юлия Сергеевна Письменнаяға, персоналды басқару бөлімінің маманы Гүлнар Ақпайқызы Әбішеваға, қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімінің маманы Гүлнұр Балтабайқызы Теңісбаеваға және жүргізуші Александр Валентинович Соколовқа алғыс хаттар табыс етті.
Еңбек мәдениеті — Қазақстан болашағының негізі. СҚО Еңбек мобильділігі орталығының директоры Н. Биболаев облыс делегациясы құрамында Жұмысшы мамандықтар жылының қорытынды форумына қатысты.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері қатысты.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Карин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адал еңбек пен кәсіби шеберлік құндылықтарын жүйелі түрде ілгерілетіп келе жатқанын атап өтті.Ол барлық жүргізіліп жатқан реформалардың болашақ ұрпаққа бағытталғанын, жастардың Қазақстанда адал еңбек арқылы — білім, мамандық және шеберлік жолымен — табысқа жетуге болатынын көруі маңызды екенін айтты.
Сондай-ақ еңбекке құрмет, ұрпақтар сабақтастығы және еңбек етіп жүрген жастарды қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттары болып қала беретінін атап өтті.Форум аясында жұмысшы мамандықтарының үздік өкілдері марапатталды.
15 желтоқсан күні ағымдағы жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығының директоры Н. Биболаев бөлім басшысы Г. Олжабаевамен бірлесіп, Мансап орталығының жұмысымен танысу мақсатында Мамлют ауданында болды. Іссапар аясында аудан әкімі Е. Степаненкомен кездесу өтіп, онда еңбек күші артық өңірлерден ағымдағы жылы көшіп келген азаматтарды бейімдеу және жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. 2026 жылға арналған Өңірлік жұмыспен қамту картасын іске асыру барысында барлық мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының маңыздылығына ерекше назар аударылды. Аудандық ауруханада қоныс аудару бағдарламасы аясында келген дәрігерлермен (А. Сағымбетов, Д. Тойханова, А. Джолдасова, А. Даутова), сондай-ақ массаж кабинеті мен тігін шеберханасын ашу үшін мемлекеттік грант алған азаматтармен (Е. Иост, Х. Минхаерова) кездесу өткізілді. Сонымен қатар, Мансап орталығының директоры Е. Самарханұлымен және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б. Увалиевпен 2026 жылға арналған ауылдық округтер мен Мамлют қаласында жұмыспен қамту және белсенді еңбек шаралары бойынша барлық көрсеткіштердің орындалу тетіктері айқындалды.
Бағдарлама аясында аудан әкімі А. Бектасовпен кездесу өтіп, еңбек ресурстары көп өңірлерден қоныс аудару бағдарламасын іске асыру барысында туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.
– Біріншіден, бағдарламаның қатысушылары үшін қолайлы жағдайлар жасалып, мемлекеттік қызметтердің толық көлемде көрсетілуі қажет, қалаған жұмысқа орналасуға,
жеке кәсіп ашуға, жаңа білім мен дағдылар алуға мүмкіндік береді.
– Сонымен қатар, 2025 жылғы жұмыспен қамту және еңбекке жәрдемдесу нәтижелері, сондай-ақ 2026 жылға арналған Өңірлік жұмыспен қамту картасын іске асыру жоспары қаралды.
🏢 Бұдан бөлек, Н. Биболаев Жамбыл орталық аудандық ауруханасына барып, қоныс аударушылар қатарынан келген дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің жұмысымен танысты.
🏠 Сондай-ақ, Қызылорда облысынан келген Ұлықбек Алпысов ашып, дамытып отырған «MC Doner» жылдам тамақтану кафесінің қызметімен танысты.
🏡 Бағдарлама соңында жергілікті тұрғынға тиесілі «Гүлден» азық-түлік дүкеніне барды.
Көп балалы ана Г. Қасенова өз жобасын қорғап, жеке кәсібін ашуға қажетті жабдық сатып алу үшін қайтарымсыз грант алуға мүмкіндік алған.
8 желтоқсанда Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) өкілдері Еңбек мобильдігі орталығының қызметкерлерімен, директор Н. Биболаевтың қатысуымен, дөңгелек үстел өткізді. Кездесу барысында ұйымның мақсаттары мен міндеттері талқыланып, көші-қон үдерістерін үкімет, қоғам және жұмыс берушілер арасында түсіндіру, көші-қонды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру, реттелмеген көші-қон мәселелерін шешу және жұмыспен қамтуға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстары атап өтілді.
Британдық маусымдық жұмысшылар бағдарламасы және оның талаптарына ерекше назар аударылды, себебі бұл бағыт азаматтардың еңбек мобильділігі үшін барған сайын өзекті болып отыр. Іссапар бағдарламасы аясында ХКҰ қызметкерлері шетелде жұмыс істеуге ниетті жұмыссыз азаматтарға арналған семинар өткізді.
Кызылжар және Мамлют аудандарынан, сондай-ақ Петропавл қаласынан келген қатысушыларға қауіпсіз көші-қон мәселелері, соның ішінде алаяқтардың және адал емес жұмыс берушілердің құрбаны болмау жолдары, еңбек қанауы мен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2025 жылғы 27 қарашада - Ақан Сері атындағы облыстық филармония ғимаратында бос орындар жәрмеңкесі өтеді.
Іс-шара Мемлекет Басшысының Жарлығымен жарияланған жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде өткізіледі.
Жәрмеңкеге Петропавл қаласының түрлі салалардан 30-дан астам жұмыс беруші қатысады.
Келушілерге 800-ден астам тұрақты жұмыс орындары ұсынылады.
Жұмысшы кәсіптер жылының мақсаттары:
* Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру;
* Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту;
* Экономиканың негізгі салаларында кадрлық әлеуетті нығайту;
Сұранысқа ие бағыттар мен мамандықтар:
* Өнеркәсіп: слесарьлар, электр газбен дәнекерлеушілер, токарлар, баптаушылар, құрылысшылар;
* Көлік: жүргізушілер, механиктер;
* Коммуналдық қызметтер: аппаратшылар, газбен дәнекерлеушілер;
* Мемлекеттік қызмет және бизнес: менеджерлер, заңгерлер, бухгалтерлер және т. б.
Ұсынылған жұмыс орындарының жалақы деңгейі 120 000- нан бастап 360 000 теңгеге өзгереді.
Жәрмеңкеге қаланың 700-ден астам жұмыссыз азаматтары, сондай-ақ оқу ұйымдарының соңғы курстарының жастары мен студенттері шақырылды (200 адам).
Жастар тәжірибесі бағдарламасы аясында алғашқы кәсіби тәжірибе алуға және таңдаған мамандығы бойынша мансабын бастауға ұмтылатын колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері белсенді тартылуда.
Іс-шара аясында мобильді мансап орталығы жұмыс істейді, онда мамандар жұмыспен қамту және кәсіби өсу мәселелері бойынша жеке консультациялар өткізеді.
Келушілер біле алады:
* жастар тәжірибесі;
* әлеуметтік жұмыс орындары;
* қоғамдық жұмыстарға қатысу;
* зейнеткерлерге арналған "күміс жас" бағдарламасы;
* қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстары;
* өз ісін ашуға арналған мемлекеттік гранттар.
Бос орындар жәрмеңкесі тек офлайн форматта ғана емес, сонымен қатар Enbek.kz платформада да қол жетімді, онда сіз өзекті бос жұмыс орындарымен танысып, онлайн-жәрмеңкелерге қатысуға өтініш бере аласыз.
Барлық азаматтар жәрмеңке қорытындысы бойынша Петропавл қаласының мансап орталығына жүгіне алады, сондай-ақ Enbek.kz. ұлттық жұмыспен қамту порталының мүмкіндіктерін пайдалана алады.
Жұмысқа орналасу бойынша хабарласыңыз: Мансап орталығы, Театр көшесі, 47 тел: 53-10-68
СҚО еңбек мобильділігі орталығының директоры Н.Бибулаев басшылығымен Солтүстік Қазақстан облысы делегациясы Түркістан облысы Сайрам ауданы Ленгер қаласы мен Қарабұлақ ауылында болып, жергілікті тұрғындармен қоныс аудару бағдарламасын және мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша кездесулер өткізді.
Сонымен қатар, Қарабұлақ ауылында, Д. М. Қонаева атындағы аграрлық-техникалық колледжде студенттерімен жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы және өз білімдерін біздің салада қолдану мүмкіндігі туралы мазмұнды әңгіме өткізді .
Қоныс аудару кезінде азаматтарға ұсынылатын қолдау түрлері:
• көшуге арналған субсидия — отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК;
• коммуналдық қызмет шығындарын өтеу;
• тұрғын үй сертификаты — 4,5 млн теңге;
• «Серпін» бағдарламасы бойынша тегін білім алу;
• кепілдендірілген жұмыспен қамту;
• бүкіл отбасы үшін әлеуметтік кепілдіктер: білім, медициналық қызмет, балабақша, мектептер.
Г. С. Ілиясова, СҚО еңбек мобильділігі орталығының бөлім басшысы:
«Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында бағдарлама қатысушылары үшін тұрғын үй, жұмыс орындары және әлеуметтік инфрақұрылым сияқты барлық жағдай жасалған. Біз оңтүстік өңірлердің тұрғындарын қоныс аудару мүмкіндігін қарастыруға шақырамыз және әрбір азамат өзінің білімі мен тәжірибесін лайықты қолдана алады деп сенеміз».
📞 Байланыс телефондары:
8 (7152) 53-11-48
+7 777 114 92 90
Солтүстік Қазақстан облысының Еңбек мобильдігі орталығының басшысы Н. Бибулаев, Г.Мүсірепов және Айыртау аудандарының Мансап орталықтары директорларымен бірге Шымкент қаласындағы «КӨРМЕ» концерттік-көрме кешенінде өткен вакансиялар жәрмеңкесіне қатысты.
Шымкент қаласының әкімі Сыздықбеков
Ғабит Әбдімәжитұлы СҚО делегациясын жылы қарсы алып, қоныс аудару бағдарламасын жүзеге асыруға сәттілік тіледі.
Облыс делегациясы келушілерді бар бос жұмыс орындарымен, көшу шарттарымен және мемлекеттік қолдау шараларымен таныстырды.
👥 Сонымен қатар, өңір тұрғындарына біздің облысқа қоныс аударудың оң тәжірибелері туралы бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық брошюралар таратылды.
✅ Қоныс аударушылар үшін ұсынылады:
1️⃣ 💼 Кепілдендірілген жұмысқа орналасу
2️⃣ 🏠 Қалада тұрғын үй сатып алуға 4,5 млн теңгеге дейін сертификат
3️⃣ 🎓 «Серпін» бағдарламасы бойынша тегін оқу, Қазақстан + АҚШ дипломын алу мүмкіндігі
4️⃣ 🎖️ Ұлттық ұлан Академиясында тегін оқу, әскери және азаматтық мамандық алу
5️⃣ 🌾 Ауыл шаруашылығын жүргізуге 5 жыл мерзімге жер телімдері
📌 Іс-шараға 500-ден астам адам қатысты. Кездесудің нәтижесінде бірнеше отбасы Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударуға ниет білдірді!
📞 Қоныс аудару мәселелері бойынша хабарласыңыз: 8 (7152) 53-11-48
#ҚонысАударуСҚО
#ЖаңаӨмір
#ЖұмысСҚО
#Серпін
#КөшуСҚО
#Еңбек
#Шымкент
Осы жылдың 14 қарашасында С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана базасында, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары А. Сейітовтың төрағалығымен, еңбек ресурстары артық өңірлерден Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аудару мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Іс-шара Басқарманың бастамасы және қолдауымен Еңбек мобильдігі орталығымен ұйымдастырылды.
Іс-шараға орталықтың мамандары, әлеуметтік мәселелер жөніндегі аудан әкімдерінің орынбасарлары, Мансап орталықтарының директорлары мен мамандары қатысты.
Азаматтарды көшіру және қандастарды бейімдеу жұмыстарының нәтижелері туралы ЕМО директоры Н.Т. Бибулаев баяндама жасап, бұл бағытта мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті. Одан кейін аудан әкімдерінің орынбасарлары жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді:
— «Қоныс аударушыларды жұмыспен қамту туралы» – Айыртау ауданы әкімінің орынбасары Д. Мажғұлова; — «Квотаның орындалуы туралы» – Есіл ауданы әкімінің орынбасары А. Бектасова; — «Қоныс аударушыларды орналастыру туралы» – Ақжар ауданы әкімінің орынбасары Н. Алин. Кеңес қорытындысы бойынша А. Сейітов көші-қон бағдарламасын тиімді іске асыру бойынша бірқатар ұсыныстар берді.
Семинардың екінші бөлігіне ЕМО қызметкерлері, Мансап орталықтарының директорлары мен мамандары қатысып, қандастарды бейімдеу, қоныс аударушыларды мониторингтеу, сондай-ақ «migration.enbek.kz» порталының жұмысы жөніндегі мәселелерді талқылады.
Семинар спикерлері ретінде ЕМО директорының орынбасарлары А. Рамазанова, А. Сыздыков және қандастарды бейімдеу және интеграциялау бөлімінің басшысы Г. Ильясова сөз сөйледі. Семинар барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тәжірибелерімен бөлісті және жергілікті мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.
18.11.2025 09.00-ден 18.30-ға дейінhttps://tanda.enbek.kz/ru платформада Онлайн бос орындар жәрмеңкесі өтеді
Онлайн бос орындар жәрмеңкесіне қатысу жұмыс берушіге бірқатар артықшылықтар әкеледі: қолайлы үміткерлерді тез табу, бренд туралы хабардарлықты арттыру, сондай-ақ жұмыс іздеушілермен тікелей байланысу және компанияның презентациясын алу мүмкіндігі.
Жұмыс іздеушілер мен барлық ниет білдірушілер үшін бұл формат жәрмеңкенің виртуалды стендтерінде жұмыс берушілер туралы көбірек білуге мүмкіндік береді: компаниялар туралы, жұмыстың шарттары мен артықшылықтары, ашық өзекті бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу ерекшеліктері туралы ақпарат
Мұның бәрі үйден немесе кеңседен шықпай-ақ.
Бос орындар жәрмеңкесі осы сайтта онлайн режимінде өтеді. Сіз жәрмеңкеге ұялы телефоннан, компьютерден немесе планшеттен кез келген жерден қатыса аласыз.
Сіздерді жұмыс беруші ретінде қатысуға шақырамыз!
Біз нұсқаулықты қоса береміз
#бос жұмыс орындары
#жәрмеңке Бос орындар
#Петропавл
#жұмыс
Бұл – түрлі салалардағы мамандықтарды қамтитын онлайн-платформа: IT мен бухгалтериядан бастап қолөнер және шығармашылық бағыттарға дейін. Әрбір мамандық еңбек жағдайының сипаттамасымен және кімге лайық екендігімен толықтырылған.
Атласта 16 мыңнан астам ұсынылған мамандық бар, оның ішінде интернет арқылы сату, SMM, жүйелік әкімшілендіру сияқты жаңа онлайн-мамандықтар да енгізілген.
Қазақстанда еңбекке қабілетті жастағы 400 мыңнан астам мүгедек бар, олардың көпшілігі жұмыс істемейді.
Мамандықтар Атласының арқасында олар өздерінің физикалық мүмкіндіктері мен қызығушылықтарына сай істі таба алады.
Жұмыс берушілерге қажетті мамандарды іріктеп, инклюзивті жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.